ҚОС КҮШ

ҚОС КҮШ – қатты денеге әсер етуші абсолюттік шамалары бойынша тең және параллель, бірақ қарама-қарсы жаққа бағытталған екі күштің Ғ және Ғ’, яғни Ғ’ = —Ғ жүйесі. Қос күштің теңәсерлі күші болмайды, яғни ол бір күшпен алмастырылмайды (олай болса теңгерілмейді). Қос күштің әсер ететін сызықтарының ара қашықтығы (l) қос күштің иіні деп аталған. Қос күштің қатты денеге тигі- зетін әсері оның моментімен (М) сипатталады, ол Рl көбейтіндісінің абсолют шамасына тең және қос күш әсер ететін жазықтыққа перпендикуляр бағытталып, қос күштің бұру бағыты сағат тілінің жүрісіне қарсы бағытта болады (оң координат жүйесінде). Қос күштің негізгі қасиеті: егер қос күштің моментін сақтай отырып қос күш жұбы жазықтықтағы кез келген нүктеге немесе жазықтыққа параллель көшірілетін болса, сондай-ақ жұп күштің абсолюттік шамасы және оның иіні- нің ұзындығы өзгермейтін болса, оның қатты денеге тигізетін әсері де өзгермей- ді. Бір қатты денеге түсірілген моменттері (М) бірдей екі қос күш біріне-бірі механикалық эквивалентті болады. Берілген қатты денеге түсірілген қос күш- тің кез келген жүйесі осы қос күш моменттерінің векторларының геометрия- лық қосындысына тең моменті бір қос күштің механикалық эквиваленті болады.

Егер векторлардың геометриялық қосындысы – қос күштің өзге бір жүйесінің моменттері нөлге тең болса, онда осы қос күш жүйесі бірдей болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *