ҚОПАРЫЛЫС, жарылыс – заттардың өздерінің күйлерін кенеттен өзгертіп, шектелген ортада лезде мол энергия бөлуімен қабаттастыра өзінің айналасындағы ортаны қарқынды түрде жан-жаққа лақтырып ұшыруы. Қопарылыстың алғашқы кезеңінде заттың ішкі химиялық (немесе ядролық) энергиясы жылуға түрленеді. Химиялық қопарғыш заттардың (ХҚЗ-дың) әдеттегі жай отындармен салыстырғанда жылу бөлгіштігі аз [~4·103 кДж/кг (немесе ~103 ккал/кг) ], бірақ химиялық түрлену қысқа мерзімде (~10-5 сек) және өтетіндіктен ауадан оттек қатыспайтындықтан, қопарылыс үрдісінде (процесінде) заттар жан-жаққа шашырап үлгерместен, жоғары температура (2·103 – 4·103 К) және жоғары қысым 10 ГПа (гига Паскаль = 109 Па) (105 атм) пайда болады. Газ көлемінің ұлғаюы қорша- ған ортаны қозғалысқа түсіреді – қопарылыс толқыны пайда болады, оның таралу жылдамдығы қопарылыс ошағының маңында бірнеше км /сек-қа жетеді. Қопарылыс толқыны қоршаған ортаға механикалық әсер етеді. Қопарғыш заттар сыртқы әсерлер (мысалы, оттың, механикалық соққының, детонацияның) нәтижесінде лезде химиялық өзгеріске ұшырайды да, молекулалардың арасын- дағы байланыс энергиясы жылу түрінде бөлініп шығады. Белгілі бір көлемдегі заттың кез келген нүктесіндегі химиялық өзгерістен пайда болған жылу қопарғыш заттан лезде тысқары шығып үлгермейтіндіктен, температура артады да, үрдіс (процесс) үдеп жылулық қопарылыс пайда болады.
Химиялық ыдырауға ұшыраған заттың көлемі артып, жоғары қысымдағы аса қызған күйге ауысады. Осы күй өзгерістері заттың ішкі қабатынан сыртқа қарай соққы толқын ретінде аса жоғары жылдамдықпен таралады. Заттың соққы толқынымен сығылған қабаты химиялық ыдырауға бейім келеді. Осының әсерінен мол энергия бөліну үрдісін детонация дейді. Детонациялық толқын дыбыстың таралу жылдамдығынан шапшаң таралады.
Қопарылыс кезінде бөлінетін энергия қоры молекулалық немесе ядролық байланыс ретінде қопарғыш заттың бойында болады. Сырттан әсер ететін энергия нәтижесінде туатын қопарылыс физикалық қопарылысқа жатады. Бұлар: 1) кез келген ортада өтетін қуатты электр разряды. Осы разряд өзі өткен ортаны қыздырады әрі жоғары қысымды иондалған газға айналдырады; 2) металл өткізгіштерден өте күшті ток өткенде жоғарыдағыдай қопарылыс құбылысы (металл бірден буға айналады) байқалады; 3) жоғары қысымдағы газ баллондары- ның (бітеу қазандар, сұйық не балқыған зат құйылған түтіктер, т.б.) жарылуы мүмкін; 4) жоғары жылдамдықпен (ондаған км/сек) қозғалған қатты денелердің соқтығысуы, т.б. мүмкін. Табиғатта әртүрлі құбылыстар тудыратын қопарылыстар байқалады. Мысалы, найзағай жарқылындағы қуатты электр разрядының, вулканның кенет атқылауынан, аспаннан Жер бетіне құлап түсетін метеориттерден қопарылыс құбылыстары пайда болады. 1907 жылы Сібірге түскен Тунгус метеориті шамамен 107 m тринитротолуол қопарылғанда бөлінетін энергияға шамалас қопарылыс тудырған.
Қопарылыс үрдісін зерттеу нәтижесінде заттардың өте жоғары қысым мен жоғары температурадағы күйі, зат сипаттамаларының кенет өзгеруі кезінде байқалатын құбылыстар, соққы толқын тарататын ортаның қасиеттері, т.б. күрделі ғылыми мәселелерді шешуге көмектеспек. Қопарылыстың жасанды тәсілімен жасалатын түрлері әртүрлі салаларда пайдаланылуда. Кен ашу, кен қазу, кен барлау істеріне, құрылыс (үлкен су бөгеттерін, жолдар, туннельдер) жұмыстарында қопарылыс кеңінен қолданылады. Қопарылыстан туатын газдың аса қуатты қысым күші металдарды салқындай штампылау, нығыздап беріктеу, біріктіру, т.б. жұмыстарда қолдау тапқан. Алматы қаласының іргесі, Медеу шатқалындағы селге қарсы бөгет (1966 жылы 21 қазанда) химиялық қопарғыш заттар қопа- рылысымен жасалған ірі құрылыс болды.
Жылулық қопарылыс – жылу бөлу жылдамдығы кез келген көлемдегі жылуды бөліп шығару жылдамдығынан едәуір артық болатын жағдайда жүзеге асатын қопарылыс.
Ядролық қопарылыс – ядроішілік энергияның бөлінуін тудыратын қопа- рылыс.
ҚОПАРЫЛЫС ТОЛҚЫНЫ, жарылыс толқыны – қопарылыс болған ортаның жылжуынан пайда болған жоғары қысымды толқын. Қопарылыс толқыны бойынша атмосфера қабаты мен жер қыртысының құрылымы, қазба байлықтың түрі, орналасқан тереңдігі, алып жатқан көлемі, т.б. зерттеледі.
Қопарылыс кезінде пайда болған газдардың жоғары қысымдарының әсерінен қопарылыс ошағының айналасындағы орта сығылып жоғары жылдамдыққа ие болады. Қопарылыс толқыны қармаған аймақтағы ортаның қозғалысы бір қабаттан екінші қабатқа лезде таралып көлемін ұлғайтады. Қопарылыс толқынының айналасындағы шептегі заттар күйлерінің секірісті өзгерістері соққы толқыны деп аталған, бұл толқын асқындыбыстық жылдамдықпен таралады. Қопарылыс толқынының негізгі сипаттамалары: ең жоғарғы қысымы (рm), әсер ету уақыты (τ) және импульсі (ѕ) болып табылады.
τ
ѕ = නр(t) dt. Қопарылыс ошағынан алыстаған сайын ең жоғары қысым мен
о
импульс бірте-бірте кемиді, ал әсер ету уақыты артады. Қопарылыстан өте алыста қопарылыс толқыны дыбыстық (немесе қатты ортаның серпімді толқынына) толқынға айналады.