ҚОЗҒАН КҮЙ

 

ҚОЗҒАН КҮЙ, кванттық жүйенің – негізгі (нөлдік) күйдің энергиясы- нан артық болатын тұрақсыз күй. Кванттық жүйе (атомдар, молекулалар, атом ядролары) электрмагниттік энергияны жұту немесе өзгедей кванттық жүйелер- мен өзараәсерлесу кезіндегі, мысалы, соқтығысулар кезіндегі кванттық ауысу тәсілімен қозған күйге көшеді.

ҚОЗДЫРУ – жүйені тұрақты тепе-теңдік күйден шығару.

Тербелістерді қоздыру – жүйеде тербелістердің пайда болуына әкеп соқты- ратын әсер.

Тербелістерді параметрлік қоздыру – тербелмелі жүйенің кейбір параметр- лерін периодты түрде өзгерту арқылы қоздыру.

ҚОЗДЫРЫЛҒАН КҮЙ, к в а н т т ы қ  ж ү й е н і ң – кванттық жүйе үшін мүмкін дискреттік қатардың ең аз (минимал) энергиясынан жоғары энергиясы болатын әлгі жүйенің атомдар молекулаларының және өзге кванттық жүйелердің күйі. Негізгі күйден (ең аз энергиялы) өзге күйлер – қоздырылған күйлер деп аталған. Жүйенің қоздырылған күйге ауысуы үшін оны энергия беріп қоздыру қажет. Қоздырылған күйдің, әдетте, шекті «өмір сүру» ұзақтығы болады. Қоз- дырылған күйге сәйкес энергия деңгейлері де қоздырылған энергия деңгейлері деп аталады.

ҚОЗДЫРЫЛҒАН ӨТКІЗГІШТІК – диэлектриктердің және жартылай-

өткізгіштерді жарықтау (фотоөткізгіштік) немесе осылардың беттерін электрондармен атқылау (электрондармен қоздырылған өткізгіштік) кезінде бұлардың электрлік өткізгіштігінің артуы. Қоздырылған өткізгіштік электрлік-кемтіктік жұптардың шығарылуының себебінен туындаған.

ҚОЗУ, атомның немесе молекуланың – атомның немесе молекуланың негізгі күйден артық энергиялы күйге (жоғарыдағы энергия деңгейінің біріне) ауысуы (өтуі). Қозу бөлшектердің соқтығысулары кезінде немесе бөлшектердің электрмагниттік сәулелер кванттарымен өзараәсерлесуі кезінде (әдетте бөлшектердің өзараәсерлесуден алатын энергиясы оны иондандыруға жеткіліксіз болған жағдайда) туындайды. Атомның немесе молекуланың негізгі күйден өзге күйлерінің барлығы қоздырылған күйлер деп аталған; осы күйлердің әрқайсысы белгілі бір мөлшерлі бөлшектің негізгі күйінен қозған күйге ауыс- қанда ие болатын энергиясымен (қозу энергиясымен) сипатталады. Егер қозған күй метатұрақты күй болмаса,

Қозуға көлдегі судың жаңбыр және басқалардан

онда бөлшектер осы күйде өте толуын сырттай ұқсатуға болады.

қысқа мерзімғана тұрақтап өздігінен негізгі немесе аз энергиялы күйге ауысады. Бөлшектердің қозған күйде болатын орташа уақыты – бөлшектің энергия деңгейіндегі «өмір сүру» уақыты деп аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *