ҚАНЫҒУ, магниттік – магниттеуші магнит өрісінің кернеулігін әрі қарай арттырған кезде ферромагнетиктің немесе парамагнетиктің магниттелушілігі шектік мәндерге дейін жететін (артатын) кездегі әлгі заттың күйі.
ҚАНЫҚ ЕРІТІНДІ – заттың белгілі бір температурада әрі қарай ери алмай- тын күйі. Қанық ерітіндінің концентрациясы (қоюлығы) заттың берілген жағ- дайындағы ерігіштігінің өлшеуіші болады.
ҚАНЫҚҚАН БУ – химиялық құрамдары бірдей сұйықпен (немесе қатты денемен) термодинамикалық тепе-теңдікте болатын бу. Сұйық пен оның қаныққан буы динамикалық тепе-теңдікте болады: уақыт бірлігінде сұйықтан буға ауысатын молекулаларының саны әлгі уақытта будан сұйыққа қайтадан қайтатын молекулалардың сынына тең. Құрамында сұйықтың тамшылары кездесетін қаныққан бу – ылғал бу,
ал тамшылар кездеспейтіні – құрғақ Булану және будың қанығуы бу деп аталған. Құрғақ будың күйі орнықсыз: жылу аз ғана кемігенде құрғақ бу ішінара конденсацияланып (яғни суға айналып) ылғал бу түзеді, ал жылу үстемеленіп қосылатын болса, асақызған буға айналады. Сұйық пен будың ( үштік нүкте мен кризистік нүкте аралығында) аралығында температура мен қысымының арасында термодинамикалық тепетеңдіктің орнығуы мүмкін, қысым шамасының әрқайсысына будың белгілі бір қанығу температурасы сәйкес болады.