ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ – қысымы – р =101 325 Па (760 мм сынап бағаны) және термодинамикалық температурасы – Т=273,15 К (t-0ºС) шамаларымен анықтала- тын физикалық стандарттық жағдай. Осы жағдайлар кезіндегі молярлық көлемі Vо = 2,2414·10–2 м3/моль. Еркін түсудің қалыпты үдеуі gп = 9,80665 м/сек2.
ҚАЛЫПТЫ ҮДЕУ, орталыққа тарту үдеуі – қисық сызықты қозғалыс кезінде траекторияға қисықтық орталыққа қарай бағытталған басты нормал (берілген нүктенің жанама түзуіне перпендикуляр бағытталған түзу) бойынша бағытталған үдеудің құраушысы. Түзу сызықты қозғалыс кезінде қалыпты үдеу нөлге тең.
ҚАЛЫПТЫ ШАРТТАР – р=101325 Па = 760 мм сынап бағанына тең қысым- мен (қалыпты атмосферада) және 273,15 К (t = 0ºС) температурамен, газдың мольдік көлемімен Vо = 2,2414·10–2 м3/моль анықталатын физикалық шамалар.
Еркін түсу үдеуі gқ = 9,80665 м /сек2-қа тең деп қабылданған.