ҚАЙТЫМДЫ ҮРДІС (ПРОЦЕСС), термодинамикада– термодинамикалық жүйенің бір күйден екінші күйге ауысып, соңынан бастапқы күйіне аралық күй тізбегі арқылы қайтып оралуға мүмкіндік беретін, бірақ тура үрдістегіден кері ретпен өтетін үрдісі. Егер үрдіс тепе-теңдік күй қаншалықты баяу өтетін болса, оны тепе-теңдік күйдің үздіксіз қатары ретінде қарастыруға болады, яғни қайтымды үрдістің берілген жүйедегі термодинамикалық тепе-теңдік үрдісінің орнауымен салыстырғанда баяу өтуі қажет. Дәлірек айтқанда, қайтымды үрдістің жүйенің тепе-теңдігін анықтайтын термодинамикалық параметрлерінің (тығыздығы, қысымы, температурасы) шексіз баяу өзгеруімен сипатталады. Мұндай үрдістер квазистатикалық немесе квазитепе-теңдік үрдістер деп аталған. Квазитепе-теңдік үрдістің қайтымдылығы оның кез келген аралық күйі термодинамикалық тепе-теңдік күйі болады және сондықтан ол күй үрдістің тура немесе кері бағытта өтетіндігіне «сезімтал» емес. Қайтымды үрдіс – макроскопиялық термодинамиканың тепе-теңдік ұғымдарының негізгілерінің бірі. Осы тепе-теңдік аясында термодинамиканың І және ІІ бастамалары тұжырымдалған.
Табиғаттағы нақты үрдістер шекті жылдамдықпен энергияның шашыратылуымен (үйкеліс, жылуөткізгіштік т.б. нәтижесінде) қабаттасып өтеді, сондықтан ол үрдістер қайтымсыз үрдістер болып табылады. Қайтымды үрдіс – өте баяу өтетін табиғат үрдістерін идеалдандыру болып табылады, сол себепті олар үшін қайтымсыз құбылыстарды ескермеуге болады. Қайтымды үрдістің микроскопия- лық теориясы статистикалық физикада қарастырылады.Үйкеліссіз тербе- летін маятниктің қозғалысы қайтымды үрдістің мысалы бола алады. Жалпы алғанда, үйкеліссіз өтетін және серпімсіз соқтығысуларға қатыспайтын таза механикалық үрдістердің барлығын да қайтымды үрдіс ретінде қарастыруға болады.