ҚАБЫҚША

ҚАБЫҚША, қабық – механикада, арақашықтығы өзге өлшемдерімен салыстырғанда кіші (аз) болатын екі қисық сызықты бетпен шектелген деформацияланатын қатты дене. Қабықшаның қалыңдығын теңдей екіге ажырататын бет – осы беттің ортасы деп аталған; қабықша беттің сырт көрінісіне тәуелді бірнеше пішінге ажыратылған. Қабықша беттің толық қисықтығы бойынша – гаусстық қисықтық деп аталатын: оң – сфералық, эллипсоидтық; нөлдік – цилиндрлік, конустық; теріс – гиперболалық, параболоидтық беттерге топталған. Қабықша тұрақты және айнымалы (өзгермелі) қалыңдықты, сондай-ақ бір, екі және көп қабатты қабықшалар бола алады.

«ҚАБЫҚША» ұғымы физикада шартты түрде мынадай мағыналарда пайдаланылады: (Физикалық қабықша құрылыс ісінде қолданылатын қабықтарға ұқсамайды):

Адиабаттық қабықша – қарастырылып отырған жүйе мен сыртқы орта арасында жылу алмасуға жол бермейтін қабықша.

Электрондық қабықша – 1) Атомның немесе молекуланың құрамына енген бүкіл электрондардың жиынтығы. 2) Басты кванттық санның берілген мәніне ие және атомның ядросынан жуық шамамен бірдей қашықтықта орналасқан атом электрондарының жиынтығы.

Ядролық қабықша – атом ядросында энергия мәндері бір-біріне қарайлас болатын нуклондардың жиынтығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *