ҚАБАТ – бір дененің тұтас болмай, өзі секілді немесе өзгедей бөліктердің арасында немесе асты-үстінде орналасқан құрама бөлігі.
Бейтарап қабат – үлгіні ию кезінде өзінің ұзындығын өзгертпейтін талшық қабаты.
Жабатын қабат – негізгі заряд тасушымен кедейленген металмен немесе өзге типті жартылайөткізгіштіктің шекарасының маңындағы өткізгіштегі аймақ.
Қосарланған электрлік қабат – жанасатын екі фазаның шекарасының ұзын бойына таралған қарама-қарсы таңбалы электр зарядтарының жиынтығы.
Мономолекулалық қабат – заттың бөліну фазаларының шекарасындағы қалыңдығы бір молекула шамасында болатын қабаты.
Шекаралық қабат – сүйір денелердің бетінде пайда болатын жылдамдығы, температурасы немесе химиялық құрамы әрқилы екі ағынның ажырау арнасының қабырғалары немесе шекараларындағы тұтқыр сұйықтың немесе тұтқыр газдың жұқа қабатты ағу аймағы.