ӘЖИЕВ ҮКІ 

ӘЖИЕВ ҮКІ (23.12.1924 жылы туған, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Кемертоған а.) – кескіндемеші, Қазақстанның еңб.сің.өнер қайраткері (1985). Ұлы Отан соғысына қатысқан (1942-45). Қазақстан Суретшілер Одағының жолдамасымен әуелі Санкт-Петербург қ-ндағы орта көркем сурет мектебінде (1938-41), кейін Алматы көркемсурет уч-щесінде (1948-50)оқыған. Ә.- қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар суреткер, акварельдік кескіндеме жанрының шебері. Ол туған жер табиғатын бейнелеген картиналардың, еңбек ардагерлер портреттерінің, сондай-ақ шетел сапарынан туған суреттер топтамасының, «Шоқан Уәлихановтың саяхаты» (1959), «Профессор М.Балақаев» (1962), «Студен қыз – Бақыт» (1965), «Маңғыстау даласында» (1976), «Жылқышы қыз» (1980), «Жұбайымның портреті» (1995), «Тау көрінісі» (1997), т.б. туындылардың авторы. Ә-ке  Алғашқы тың игерушілер» мен «Тыңдағы құрбылар» атты акварельдік топтамасы үшін Қазақстанның Мемл.сыйл. (1980) берілді. 1950 жылдан әр алуан көркемсурет көрмелеріне тұрақты қатысып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *