КҮШТЕРДІҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ – механикада қатты денеге әсер ететін күштердің өзара теңескен күйі. Қарапайым жағдайда, екі күштің тепе-теңдік шарты, оларды сан мәндері бірдей болғанда және бір түзу бойында біріне-бірі қарама-қарсы бағытталғанда жүзеге асады. Жалпы жағдайда, күштердің тепетеңдік шарты, олардың өзара перпендикуляр үш осьтегі барлық проекцияларының қосындысы мен осы осьтерге қатысты күш моменттерінің қосындысы нөлге тең болған жағдайда ғана орындалады. Күштердің өзара теңескен жүйесі әсер еткен дене тыныштық қалыпта не инерция бойынша ілгерілемелі, түзу сызықты бірқалыпты қозғалыста болуы тиіс. Күштердің өзара теңескен жүйесін қосқан- нан не шегергеннен дененің тыныштық қалпы немесе қозғалыс күйі өзгермейді.