КҮШ СЫЗЫҚТАРЫ – кез келген күш өрістерін (электрмагниттік, гравитациялық) кескіндеуі үшін ойша созылатын сызықтар. Күш сызықтары кеңістіктің әрбір нүктесіне сызылған жанамалар – берілген өрісті (электрлік немесе гравитациялық өрістің кернеулігін, магниттің индукциясын) сипаттайтын вектордың бағыты бойынша үйлесетін болып сызылады. Өрістер кернеуліктері мен магниттік индукция – кеңістік нүктелердің координаттарының бірмәнді функциялары болғандықтан, әрбір нүкте арқылы бір ғана күш сызығы өте алады. Күш сызықтардың тығыздығы әдетте осы сызықтарға перпендикуляр бірлік ауданнан өтетін күш сызықтарының саны өріс кернеулігіне (немесе магнит индукциясына) пропорционал болатын шамада сызылады.
Сонымен күш сызықтары екі нүктелік зарядтың күш сызықтары кеңістікте өрістің таралуының көрнекті бейнесін елестетеді. Электрстатистикалық өрістің күш сызықтары әрқашан тұйық болмайды: олар оң зарядтан басталып, теріс зарядта (немесе шексіздікке кетеді) аяқталады. Магниттік индукция векторы әрқашан тұйық, яғни магнит өрісі құйынды болады. Магниттік өрісте орналасқан темір ұнтақтары күш сызықтарының бойымен орналасатын болады; осы көрініс бойынша магниттік индукцияның күш сызықтарының түрін анықтауға болады. Өзгермелі магнит өрісі тудыратын құйынды электр өрісінің күш сызықтары да тұйық болады. Электр және магнит өрістері үшін «күш сызықтары» ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген ағылшын физигі Майкл Фарадей (1791 – 1867) болды.
Тұрақты ток өтіп тұрған өткізгіш күш сызықтары өткізгішке перпендикуляр жазықтықта орналасқан концентрлі шеңберлер (бірінің ішіне бірі орналасқан) жүйесі болып табылатын магнит өрісін тудырады. Күш сызықтардың тығыздығы (Б, В және Г сызбалардағы үзік-үзік сызықтар) магнит өрісінің қарқындылықтарын
сипаттайды. Өрістің бағытын «оң қол ережесін» пайдаланып (Б) анықтайды. Егер өткізгіш оң қолдың басбармағы токтың бағытын (ол электронның қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағыт болып қабылданғанын ескереміз) көрсететін болып ұсталса, онда өзге саусақтар өрістің бағытын сілтейді. Егер де өткізгіш иілген болса, өріс сызықтарының пішіндері өзгереді. Өткізгіш катушка түрінде немесе соленоид түрінде (В) оралған болса, онда өрістің күш сызықтары катушканың oсінің бағытымен бірдей бағытта өтеді. Осы өріс жалпы түрде жазық магнитті
(солтүстік полюсі оң жақта болатын) еске түсіреді. Егер соленоидтың ішіне жалпақ төртқырлы темір өзек ендіріліп орналастырылса, күш сызықтар оның ішінде шоғырланатын болады: сәйкес түрде осы темірдің ұштарындағы күш сызықтардың шоғырлануы артады.
Осы құрылғы – э л е к т р м а г н и т деп аталады, өте күшті магнит өрісін тудыра алады. Бұл өріс өткізгіштегі токты, соленоидтағы орамдар санын және орамның көлденең қимасын өзгерту кезінде өзгеріске ұшырайтын болады.