КҮШ ИМПУЛЬСІ – белгілі бір уақыт аралығындағы күш әсерінің өлшеуіші; күштің орташа мәні (Ғор) мен оның әсер ету уақытының (t1) көбейтіндісіне тең: S = Ғор·t1. Күш импульсі векторлық шама және ол Ғор-пен бағыттас болады. t1 уақыт аралығындағы күш импульсінің мәні S=0 интегралы бойынша анықталады. Ғ күшінің әсерінен t1 уақыт аралығында қозғалған материалдық нүктенің қозға- лыс мөлшері күш моментіне тең шамаға өзгереді: S = mϑ0 – mϑ1, мұндағы mϑ0 және mϑ1 – нүктенің t1 уақыт аралығының сәйкес түрде бастапқы және соңғы кездегі қозғалыс мөлшерлері.
Күш импульсі ұғымы механикада, дербес жағдайда соққы теориясында пайдаланылады, τ уақыт аралығында соққы күшіне Ғсоқ тең шамасы с о қ қ ы и м п у л ь с і деп аталған.