ЛЕП БЕЛГІСІ

2.   ЛЕП БЕЛГІСІ

 

§ 15. Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады (II тараудағы § 10-14-тарды қараңыз).

§ 16. Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру, өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерге леп белгісі қойылады (II тараудағы § 13-ты қараңыз).

§ 17. Ұранды сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады (II тараудағы

§15-ты қараңыз).

§ 18. Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздер мен жоқ, иә деген сөздерден кейін леп белгісі қойылады (II тараудағы § 48, 65- тарды қараңыз).

§ 19. Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін:

“Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық!

Ділда!Мұның жары! (М.Әуезов.)

§ 20. С

әлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады (II тараудағы § 9-ты қараңыз).

Р.Сыздықова

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *