КҮННІҢ  ҒАРЫШТЫҚ  СӘУЛЕСІ

КҮННІҢ  ҒАРЫШТЫҚ  СӘУЛЕСІ – Күннің оталуы кезінде оның

атмосферасының үстіңгі қабатында жоғары энергияларға дейін үдетілген зарядты бөлшектердің ағыны. Бұл ағындар Жер маңайында ғарыштық сәулелердің қарқындылықтарының кенеттен артуы түрінде тіркеледі. Мұның энергиясының жоғарғы шегі ࣟк ≈ 2·1010 эВ, болса төменгі шегі кейде күн желінің жоғарғы шегімен қабысатын болады. Шартты түрде Күннің ғарыштық сәулесінің төменгі шегінің энергиясы 105 – 106 эВ деп қабылданған. Бөлшектер ағынының төменгі энергиясы осы шамадан аз болса, ол плазмалық қасиетіне ие болады. Күннің ғарыштық сәулесінің негізгі бөлігін протон (ࣟк ≥ 106 эВ), электтрон (ࣟк ≥ 30 кэВ) т.б. құрайды. Бөлшектердің үдетілуі Күннің оталуымен тығыз байланысты. Оталудың негізгі көзі электрмагниттік өріс болып табылады. Осы өрістің өзгерісінен электр өрісі туады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *