КҮН КҮРКІРЕУ

КҮН КҮРКІРЕУ, Аспанның күркіреуінайзағай разрядымен қабаттаса өтетін атмосферадағы дыбыстық құбылыс. Бұл қатты дыбысты найзағай болып өткен алқаптағы ауаның қызуы және тез көлемін ұлғайтуы нәтижесінде пайда болатын жарылыс (қопарылыс) толқыны тудырады. Найзағайлы алқаптағы дыбыс және бұлттан шағылысқан жаңғырық дыбыс қосылып күркіреп естілетін болады. Күн күркіреуінің ұзағырақ созылу себебі найзағай разряды- ның ұзындығының әрқилы болуымен бірге одан шығатын дыбыс та әртүрлі жиілікпен таралады және жаңғырық дыбыс та кешігіп естілетіндіктен күркі- реу де ұзағырақ естіледі. Күн күркіреу 16 – 20 км қашықтықтан естіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *