КҮЙ

КҮЙ – табиғи жағдайда кездесетін заттардың және олардың физикалық теорияларда тұжырымдалған әртүрлі физикалық, химиялық үрдістер (процестер) нәтижесінде  өзгерістерге ұшырауының мәндерімен анықталатын физикалық сипаттамасы. Заттардың  біріне-бірінің ауысуы олардың бос энергиясының, энтропиясының, тығыздығының және басқа негізгі физикалық қасиеттерінің өзгерістері секірісті түрде жүзеге асырылатын күйі.

Беттік күйлер – қатты дененің вакууммен немесе басқа орта шекарасында туындайтын заряд тасушылар энергиясының деңгейлері.

Виртуалды күйлер – микробөлшектер жүйесінің энергиялары, импульстері және массалары арасындағы әдеттегі байланыс бұзылатын қысқа мерзімдік ара- лық күйлері.

Сәйкес күйлер – әр түрлі заттардың күйлерінің келтірілген параметрлерінің бірдей мәндеріне сәйкес келетін күйлері.

Жүйелердің айну күйлері – бірдей энергиялы жүйелердің әртүрлі күйлері.

Заттардың агрегаттық күйлері – заттар арасындағы ауысулары бос энер- гияның, энтропияның, тығыздықтың және басқа физикалық негізгі қасиеттері секірісті өзгерісті заттың күйлері.

Аралас күй –  үлгідегі магнит өрісі өсіп, кризистік магнит өрісінің екі мәнінің төменгісіне жететін кездегі ІІ текті асқынөткізгіштің ауысу күйі.

Аралық күй – үлгінің кез келген тұсында өспелі магниттік  өрістің кризистік мәнге жетуі кезінде І текті асқынөткізгіштің ауысатын күйі.

Әйнектәрізді күй –  заттардың аса салқындатылған ерітпесінің қатаю кезінде қалыптасатын аморфтық күй.

Жүйелердің байланысқан күйі – жүйе бөлшектерінің өздерінің қозғалыстарына тән салыстырылмалы сипаты бойынша кеңістіктің шектелу аймағында ұзақ уақыт бойы болатын салыстырмалы қозғалысы кезіндегі күйі.

Жүйенің күйі – физикалық шамалар жүйесіне тән мәндермен анықталатын жүйенің физикалық сипаттамасы.

Конденсацияланған күй – заттардың қатты және сұйық күйі.

Кризистік күй – заттардың сұйық және газтәрізді фазаларының арасында айырмашылық болмайтын кездегі күйі.

Қоздырылған күй – кванттық жүйенің берілген жүйесі үшін мүмкін болатын бірқатар энергиялық дискретті минимал мәндерінен жоғары энергиялы күйі.

Мезоморфты күй –  заттардың сұйық кристалдық күйі. Заттардың сұйық ретіндегі (аққыштығы) әрі қатты кристалл ретіндегі (анизотроптық қасиеті) бола алатын күйі.

Метатұрақты күй – 1) термодинамикалық жүйенің берілген жағдайда едәуір тұрақты күйге ауыспай-ақ осы жүйенің ұзақ уақыт тұрақсыз тепе-теңдікте болатын күйі. 2) Кванттық жүйенің ұзақ мерзімді уақытпен сипатталатын қозған күйі.

Резистивтік күй – асқынөткізгіштің электрлік кедергісінің ішінара қалпына келетін күйі.

Стандарт күй – 1) термохимияда, заттың температурасы 298 К және қысымы 1 атмосфера болған кездегі күйі. 2) Идеал газдың берілген температурадағы және қысымы 1 атмосфера болған кездегі күйі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *