ӘДІС

ӘДІС ,метод (гр. methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Философияның өзге нақты ғылымдардан айырмашылығы — мұнда танымның жалпыға ортақ әдістері жасалады. Бүкіл танымдық әдіс негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады. Диалектикалық әдістің объективті негізін материалдық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл әдіс өзге ғылым әдістерін алмастырмайды, тек олардың жалпы философиялық негізі болып табылады және барлық салалардағы таным құралы ретінде қызмет атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *