КРИСТАЛДЫҚ САНАУЫШ

КРИСТАЛДЫҚ САНАУЫШ – диэлектриктік кристалдарға елеулі

электрөткізгіштігі болатын бөлшектер түскен кезде әлгі өткізгіште пайда болатын бөлшектерді тіркеуге арналған аспап. Бұл санауыш қарама-қарсы жақтарына электродтар жалатылған монокристалл (әдетте, алмас немесе СdS) түрінде жасалған болады. Зарядталған бөлшектер кристалл арқылы өткенде, онда иондандыру туғызады. Пайда болатын заряд тасушылар өткізгіштік электрондар  мен кемтіктер электр өрісінің ықпалымен электродтарға қарай қозғалады. Жекелеген бөлшектер санауыш тізбегінде қысқа мерзімді ток импульсін тудырады, осы импульсті күшейткен соң есептегіш аспаппен немесе амплитудалық талдағышпен

Кристалдық санауыштың блок-сұлбасы тіркеуге болады. Импульстің амплитудасы бөлшектің кристалда бөлінген энергиясына

пропорционал болады. Кристалдық санауыштың кемшілігі – диэлектриктің полярлануы. Заряд тасушылардың электродтарға қарай қозғалуы кезінде бір бөлігін кристалдық тордың ақаулары қармап ұстап қалады. Ішкі электр өрісі пайда болады. Кристалдардың сәулеленуіне орай ақаулардың саны және ішкі өріс арта түседі және түсірілген сыртқы өрістің әсері әлсізденеді. Осы жайт импульстер амплитудасын кемітуге және санауды тоқтатуға (полярлануды жою үшін кристалдарды қоздыру), оны жарықтау, айнымалы өріс пайдаланылады. Бірақ кристалдық санауыштың құрылысының қарапайымдылығы, оның өлшемдерінің шағын болуы (бірнеше мм3) және кейбір кристалдардың (мысалы, алмастың) жоғары температура кезінде жұмыс жасауы оны дозиметрияда пайдалануды қолайлы детектор етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *