
КРИСТАЛДАР СПЕКТРЛЕРІ, о п т и к а л ы қ – жарықтың кристалдық күйдегі және ұзын толқындардың ұзындықтарымен (алыс инфрақызыл сәуледен бастап ультракүлгін сәулеге дейінгі аймағындағы) оптикалық диапазонында жатқан зат- пен өзараәсерлесуі кезінде пайда болатын жұтылу, люминесценция, фотоөткізгіштік, жарықтың аралас шашырау және шағылу спектрлері. Бұл спектрлер негізгі затқа және кристалдардың қоспаларына да тән энергия деңгейлері арасындағы квант- тық ауысулар салдарынан туындайды. Кристалдар спектрлерінде жіңішке спектрлік сызықтармен қатар кең спектрлік жолақтар болады (кеңдігі толқындық санмен алғанда сантиметрдің үлесінен бірнеше мың см–1-ге тең аймаққа дейін созылады). Спектрдің түрі кристалдың типіне, химиялық құрамына, құрылымның кемелденбегіндігіне тәуелді болады. Кристалдың энергия деңгейлері энергетикалық зонаға топталады. Зоналар арасындағы ауысулар ке- зінде (зонааралық ауысуларда) кең спектрлік жолақ пайда болады.
Зонааралық ауысулары кезінде жарықтың жұтылу және сәуле шығаруы кристалдық торлардың тербелістерінің қоздырылуынсыз – фонондардың (тура ауысу) немесе фонондардың қатысумен (тікелей емес ауысу) өтеді. Жарықтың зонааралық жұтылуы кезінде электрондар валенттік зонадан өткізгіштік зонаға ауысады, нәтижесінде кемтік пайда болады; электронның және кемтіктің жа- ңаша орналасуы (рекомбинациясы) кезінде рекомбинациялық люминесценция пайда болады. Осы үрдіс (процестер) кристалдың фотоөткізгіштігінің тууына себеп болады, қоздырылу спектрі жұтылу және люминесценциялық спектрлер- мен бірге кристалдық энергетикалық зоналарының құрылымын зерттеуге мүмкіндік жасайды. Бір-бірімен өзара байланыспаған электрондар мен кемтіктер тууы үрдістерінен басқа кулондық күшпен байланысқан экситон (квазибөл- шек) – электрон кемтігі туады. Кристалдар спектрлерін зерттеу кристалдың энергетикалық құрылымын, оның құрылысын зерттеу үшін қажет.