ӘДІЛОВ ДІНМҰХАМЕД (ДІНШЕ, МҰҚЫШ) (13.11.1900 жыл, Ақмола облысы, Ақмола уезі, Шу болысы, қазіргі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы - 21.04.1931 жыл, Мәскеу) — қоғам және мәдениет қайраткері, ағартушы. Ақмоладағы бастауыш уч-щеде (1909-13), Омбы гимназиясында (1913-18), Ташкент ун-тінде (1919-20) оқыған. 1914-18 ж. Омбыдағы «Бірлік» ұйымының белсенді мүшесі болды. 1917 ж.көктемде обл.қазақ к-тінің жолдамасымен жергілікті қазақ к-ттерін құруға қатысты. Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашуға атсалысты. «Алаш» партиясының Ақмола обл.к-тінің мүшесі болып сайланды. «Адам баласының бақыты үшін майданға аттандым» деп азамат соғысына қатысты (1918). 1919-20 ж. Ташкенттегі Қазақ ағарту ин-тының оқытушысы, Жетісу обл. оқу бөлімінің меңгерушісі, РК (б) П семей губ-комының қазақ бөлімінің жауапты қызметкері болды. Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезі (1920ж. қазан) оны сыртынан Қазақ АКСР-ы ОАК-нің мүшесі етіп сайлады. 1920-21 ж. Қазақ АКСР-ы Ішкі істер халкомының орынбасары. 1921-23 ж. Түркістан Респ. ОАК-нің, Сырдария облаткомының және Әулиеата у.аткомының уәкілі ретінде маңызды еларалық мәселелерді реттеуге жетекшілік етті. 1923-25 ж. Қазақ ағарту ин-тының оқытушысы, директоры, Түрк АКСР Халық ағарту халкоматында, қызмет атқарды. 1925-26 ж.тұңғыш Қазақ ұлттық театрын ұйымдастырушысы ретінде әрі оның директоры болды. 1928 ж.желтоқсанда «Кеңестерге қарсы жұмыс жүргізді» деген айыппен тұтқындалып, Мәскеудің Бутырка түрмесінде атылды. Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының 1988ж. 4 қарашадағы шешімімен ақталды.