ЖАСӨСПІРІМ КЕЗЕҢДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ


ЖАСӨСПІРІМ КЕЗЕҢДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Жасөспірім кезең — балалалық шақтан ересектікке өткір өтетін,үнемі қиын дағдарыстық қақтығыстармен сипатталатын адам онтогенезінің күрделі кезеңі. «Жасөспірім»сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірімдік кезеңді «қоғамдық импритинг»кезеңі деп те атайды, себебі осы кезеңде барлық заттар мен құбылыстар адамдарға ерекше әсерлі болады және бұл жасөспірімнің есеюіне мүмкіндік береді.
М.И.Шардаков жасөспірімдік кезеңде адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тәуелділігі қалыптасып,жасөспірім өмірге ой жүгірте бастайды және соның арқасында ортаға кіреді, әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы тұтынушыға айналады, өз иелігіне қажетті заттарды жинай отырып, әр түрлі құндылықтарды жинайды,ақыл-ой,адамгершілік пен әлеуметтік жағынан есейеді деген пікірде. Э.Штерн жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының бір кезеңі деп қарастырса, Э.Шпрангер өзіндік сана сезімді құнды бағыт-бағдарлықты жасөспірімдердің дүниетанымын зерттеуге бастауы деп санаған.
Жасөспірімдік кезеңде баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұл балалар мен қыз балалардың дене бітімдерінде жыныстық-ағзалық жетілуімен тікелей байланысты айырмашылықтары айқын байқалады. Зат алмасу қарқындығы артып, қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі және барлық физиологиялық үрдістер жедел жүреді. Жасөспірімдік кезең адамның жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды кезеңі. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы-өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалауға бағытталады.
А.В.Мудрик жасөспірімдік кезеңінің ең басты жағдайы екіжақтылық пен қарама-қайшылық деген. Ең алғаш жасөспірімдердің мінезіндегі бірнеше негізгі қарама-қайшылықтарды амбивалленттілік (екі жақты құбылмалы) пен пародоксальдылық (кенеттен,аяқ асты) негізінде сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік аяқ шалысқа, шектен тыс көңілділік уайымға, өзіне сенімділік ұялшақтық пен қорқынышқа, жоғарғы деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым-қатынастыққа, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық бірбеткейлікке, оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана-сезім»кризисі деп сипаттайды.
Жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету барысында бұл жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларының түбірі кіші мектеп және жеткіншек жас кезеңдерінде жатқанын ескере отырып, ең алдымен олардың психологиялық сферасының дамуында қарамақайшы келетін себептер анықталады. Ол себептерді ортақ көрсеткіштері бойынша топтастырып талдауға болады.
Жасөспірімдердің барлық психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша дамуының аяқталмағандығы;
• өзінің сыртқы көрінісін менсінбеуі, сұлу емеспун деп сезінуі;
• эмоционалды сфераның тұрақсыздығы;
• жүйке жүйесі функцияларының әлі қалыптасу үстінде болуы;
• ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан дискомфортты сезінуі;
Жасөспірімдердің таным процестерімен байланысты жеке дәрежесінде олардың қалыптасуында кедергі келтіретін саналы және санасыз себептердің ішінен мыналардың әсері терең.
• теориялық ойлау дамуының кедергіге ұшырауы;
• мағыналы ес дағдыларының жетімсіздігі,
• оперативті ес көлемінің тапшылығы,
• зейіннің негізгі компоненттерінің дамымағандығы
Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға адаптациядан тез өтіп, барлық жағдайға тез бейімделуге қиналатындығына алып келетін себептер:
• өмірдің мағынасын түсінуінің төмендегі және өмірлік жоспарының болмағандығы;
• мемлекеттік және қоғамдық ортаға қатынасуының төмендігі мен саяси белсенділігінің болмауы;
• түрлі еңбектерге деген көзқарасы және мамандықты меңгерудегі шынайы мүмкіндіктері;
• кәсіби қызығушылығы және мамандық таңдау мотивінің қалыптаспағандығы;
• оқу мен кәсіби қызығушылығының сай келмеуі.
Бұл жағдайларды анықтауға бақылау, әңгімелесу, социометрия, референтометрия, “ аяқталмаған сөйлем”, топтық дискуссия сияқты таным процестерінің ерекшеліктерін бағалау және дамыту әдістемелері, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетін, қарым қатынас мәдениетін бағалау әдістемелері пайдаланылады.
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы тұрақсызыдық деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стресстерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады. Жасөспірім жасындағы балалардың өмірі мен дамуы нақты әлеуметтік жағдайларымен байланысты және баланың ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайды меңгеруімен анықталады.
Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар.
Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата — аналары баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі.
Екінші түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата- анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып,сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.
Қазіргі кезде отбасының жасөспірім дамуына, тәрбиесіне, оның әлеуметтенуіне тигізетін әсері мол. Олар мыналар:
• жасөспірімнің эмоциялық бейімделуі және дене бітімінің дамуына;
• психикалық жүйке қызметінің дұрысқалыптасуы, мысалы, түйсіну, сезіну, қабыл алу, көңіл бөлу, ой-санасы, ақыл-парасатының дамуына;
• зергерлік дамуына, ақыл-ойының қызметін пайдалануға дағдыландыру;
• әлеуметтікнормаларды меңгеруіне;
• құндылық бағдарының қалыптасуына;
Демек, отбасының балаға тигізетін ықпалы – отбасы құрамы, білім деңгейі, әлеуметтік мәртебесі, материалдық шарттары, өмір сүру салты, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасымен анықталады.
Отбасы тәрбиесі жасөспірімдерді әлеуметтендіру үрдісінде ең маңызды орынға ие. Өйткені барлығы отбасынан басталады. Әр отбасының тәрбиелеу мақсаты, мазмұны, түрлері менәдістері отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасынан, өздерін ұйымдастыра білуінен, сый құрмет, әдет-ғұрып басқару салтынан байқалады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Балалар құқығы туралы Конвенция, 1995.
2. Айғабылов Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – Алматы, 1972.
3. Әтемова Қ.Т. Оқушылар бойындағы гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының рөлі. – Алматы: 2000.
4. Бекмұратова Г.Т. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу. — Алматы: 2005.
5. Мудрик А.В. Учитель: Мастерство и вдохновение. — М., 1986.
6. https://45minut.biz/?p=132396
7. https://baribar.kz/student/17620/zhasoespirimderge-tan-minez-qulyq-auytqulary/

Жансая Асанбек

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *