КӨРІНБЕЙТІНДІ КӨРУ

КӨРІНБЕЙТІНДІ КӨРУ, кескінді визуалдау (латынша «визуалис – көру») – заттардан таралатын көзге көрінбейтін сәулелердің (инфрақызыл, ультракүлгін, рентгендік, ультрадыбыстық т.б.) физикалық өрістің екіөлшемді таралатын кейбір параметрлерін көрінетін (ақ-қара немесе түрлі түсті) кескінге айналдыру (түрлендіру) тәсілі. Бұл тәсілде көрінетін кескіннің жарықтылығы немесе түстік бөлшектері көрінбейтін кескін параметрінің белгілі бір шамасына, мысалы, ультрадыбыс өрісінің қысымына, инфрақызыл және ультракүлгін диапазондарына арналған энергетикалық жарықталуға т.б. сәйкес болады. Көрінбейтінді көру бірқатар жағдайлар үшін тек қарқындылықтың үлестіріліп таралуына ғана емес, сонымен қатар фазалар немесе полярлану бойынша үлестірілуіне де мүмкін болады. Оптикалық сәуленің қабылдағыштардың әсеріне және көрінбейтін сәуле диапазондарына тәуелді түрде көрінбейтін кескінді көрудің бірнеше әдістері бар.

Рентгендік, ультракүлгін және жақын ультрақызыл сәулелер (1,3 мкм-ге дейінгі) аймағындағы спектрлер үшін ф о т о г р а ф и я л ы қ әдіс, жақын инфрақызыл аймақ үшін ф о т о э л е к т р л і к әдіс, ұзынтолқынды инфрақызыл аймағында (14 мкм дейінгі) жылувизиялық әдіс қолданылады. Жылувизиялық әдіс инфрақызыл сәулелердің жұтылуы кезінде сезгіш бөліктің температуралық тәуелділігіне негізделген. Температуралық сезгіш материал ретінде кристалдық люминофорлар пайдаланылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *