ӘДІЛОВ БАЙСЕЙІТ

ӘДІЛОВ БАЙСЕЙІТ (1887 жыл, бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі - 1928 жыл, Сарысу ауданы) — қазақтың қоғам қайраткері.Ақмоладағы бастауыш училищені, Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген.Омбыда, Ақмола уезінде және болысында кеңселерде хатшылық қызмет атқарған. “Ақ Байсейіт” атанып, ел-жұртына беделді болды. Ауыл балаларын мектепке тарту ісінде көп еңбек етті. 1917 жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды. “Жас қазақ” ұйымын құрушылардың бірі. 1917 — 1918 жылдар аралығында Ақмолада Кеңес өкіметін орнатуға қатысып, уездік депутаттар Кеңесінің алғашқы құрамына мүше, уездік милиция бастығы болды. 1918 жылдың жазы мен күзінде ақгвардияшылар тұтқынға алды. 1920 жылы қазанда Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болып сайланды. Кейінірек, Кеңес өкіметінің әділетсіз саясатына наразылық білдіргені үшін қызметінен қуылып, тұтқынға алынды. Абақтыдан босатылғанымен 1928 жылы желтоқсанда бұрынғы Сырдария округі, Сарысу ауданы ОГПУ жасағында тағы да тұтқындамақ болған әрекеті кезінде қарсылық көрсетіп, оққа ұшты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *