КӨЛЕҢКЕЛІК ӘДІС

КӨЛЕҢКЕЛІК ӘДІС, Тёплер әдісі – сындырушы мөлдір орталардағы оптикалық біртексіздіктерді және шағылдырушы беттердегі (мысалы, айналардың) ақауларды табу әдісі. Көлеңкелік әдіс аэродинамикалық құбырларда моделдерді орап ағу кезінде ауа ағындарында пайда болатын тығыздықтың таралуын зерттеуі үшін көпіршікті камераларда (оптикалық біртексіздік түрінде алынған) кескіндерді, телевизиялық жүйелерде үлкен экранға проекциялау үшін қолданылады. Бұл әдісті

1867 жылы неміс физигі Август Теплер (1836 – 1912) ұсынған. Көлеңкелік әдісте нүктелік немесе саңылаулы жарық көзден (1) таралған сәуле шоғы (сызбаға қараңыз) линза немесе линзалар мен айналар (2 – 2´) жүйесі арқылы зерттелуші нысанға (обьектіге) (3) бағытталып мөлдір емес (Фуко пышағы деп аталатын ) үшкір ұшты бөгетке (5) фокусталады , әлгі көздің кескіні бөгеттің ең шетіне түсетін болып проекцияланады. Егер де зерттелуші нысанда оптикалық біртексіздік ақау болмаса, онда әлгі көзден келетін бүкіл сәулелер осы бөгетте бөгеліп қалады. Оптикалық біртексіздік (4) болған кезде сәулелер одан шашырап, олардың бір жартысы бөгеттің үстінен аттап өтетін болады. Бөгеттің артына проекциялауыш объектив (6) немесе окуляр орнатып экраннан (7) біртексіздік ақаудың кескінін (8) көруге болады. Кейде нүктелік жарық көзі мен Фуко пышағының орнына біртексіздіктер болмаған кезде сәуле жолын бөгейтін оптикалық түйіндес торлар (растрлар) қолданылады. Сонымен қатар оптикалық біртексіздіктердің сипатын көрнекі түрде анықтауға мүмкіндік жасайтын түрлі түсті жарық сүзгілері түріндегі саңылаулар қолданылады. Фуко пышағын немесе торларды пайдаланбай жуық шамалы кескіндер шығару әдісі де бар. Нысанды екі бұрыш жасап орналасқан екі оптикалық жүйемен жарықтандыру арқылы нысандағы біртексіздіктің таралуының стереоскоптық суретін байқауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *