КӨЛЕМДІК РЕЗОНАТОР

КӨЛЕМДІК РЕЗОНАТОР (латынша «резоне – жаңғырық, дыбыс беру, үн қату») – ішінде еркін электрмагниттік тербелістер бола алатын жақсы өткізгіш қабырғалы тұйық қуыс. Цилиндр, сфера және тороида пішінді көлемдік резонаторлар көп таралған. Меншікті тербеліс периоды Т = 2π/ω (ω – дөңгелек жиілік) толқындардың ең қашық қабырғалары арасында жүріп өтетін уақыттан артпайтын болады; Т ػ l/c (с – жарықтың көлемдік резонаторды толтырған ортада, әдетте ауада, вакуумда таралу жылдамдығы). Сондықтан көлемдік резонатор ұзын толқын диапазонда-

рында өте үлкен болады (l~λ = cT), тек аса жоғары жиілік диапазонынан бастап (λ < 10 – 20 см) оларды

Цилиндрлік көлемдік резонатордағы тер- белістердің қарапайым түрлері. Жебелер- мен электр өрісінің (тұтас сызықтар) және магнит өрісінің (үзік-үзік сызықтар) күш сызықтарының бағыттары көрсетілген.

қолдану техникалық тұрғыда ақталған.

Қарапайым көлемдік резонатор – екі жағы идеал өткізгіш «қақпақпен» жабылған Оz-оське перпендикуляр цилиндр пішінді радиотолқын өткізгіштің кесіндісі болып табылады (сызбаға қараңыз).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *