КӨЛЕМ

КӨЛЕМ – үш өлшемді (ұзындығы, ені, биіктігі болатын) заттың (дененің) кеңістікте алып жатқан [текше (куб) бірлігімен өлшенетін] аумағы.

Кризистік көлем – заттың кризистік күй кезіндегі көлемі.

Меншікті көлем – заттың алып жатқан көлемінің оның массасына қатынасы.

Мольдік көлем – қалыпты жағдайлардағы 1 мольдің алып жатқан көлемі.

Үлестік көлем, г а з д ы ң – берілген газ қоспасының құрамындағы белгілі бір газдың өзге газдардан босатылған (бөлініп әкетіліп) жағдайдағы, тек қысым мен температурасы ғана бастапқы күйінде сақталып қалатын кезде әлгі газдың алып жататын көлемі.

КӨЛЕМДІК КҮШ, массалық күш – берілген дененің бүкіл бөлшектеріне (қарапайым көлемді) әсер етуші және бөлшектердің массасына пропорционал күш. Көлемдік күшке – тартылыс күші мысал бола алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *