КӨБЕЙТКІШ РЕАКТОР

КӨБЕЙТКІШ РЕАКТОР, бридерядролық тізбекті реакция кезінде жаңадан пайда болған ядроларының саны ыдырау нәтижесінде жойылған ядролар санынан артық болатын, яғни ыдыратылатын ядролардың ұлғаймалы ұдайы өндірісін жүзеге асыратын ядролық реактор. Ядролардың ұлғаймалы ұдайы өндірісі циклі ядролық реакцияның екі түрлі тобына негізделген. Уран – плутон циклінде баяу нейтрондармен бөлінбейтін уран – 238-дің (238U) ядросы плутоний – 239-дың (239Рu) бөлінетін ядросына айналады.

23892239922399323994 Pu жарықшақтар

Көбейткіш – реактор ұдайы өндіріс коэффицентімен – ыдырағыш ядролардың пайда болу жылдамдылығының оның жойылу жылдамдығына қатынасымен сипатталады. Кұ.ө>1 болуы үшін плутоний – 239-дың (239Рu) ядросының нейтронды бір реттік жұтуына жаңадан пайда болатын нейтрондардың саны екі еседен артық (v>2) жұтылуы қажет. Нейтрондардың реактордың жасалу материалына және ыдырау өнімдеріне жұтылуы себепті олардың саны v > 2,2 – 2,3 есе артық болғаны дұрыс.

Көбейткіш – реактордың активті аймағы (зонасы) ұдайы өндірістік қабатпен қоршалған (бұл қабат ұдайы өндіріс зонасы деп аталған). Реактор арқылы сұйық натрий (Nа) сормаланып өткізіледі. Бұл сұйық шапшаң нейтрондарды баяулатпайды, жылуды жақсы бөліп алып кетеді. Көбейткіш – реактордың қуаты уран – 239 шыбығын (стерженін) жоғары-төмен жылжыту арқылы реттеледі. Егер жылулық нейтрондармен жұмыс істейтін ядролық реактор 0,5 – 1% уран «жағатын» болса, көбейткіш – реактор қолданылғанда осы пайыз (%) саны ондаған есе артады. Осының нәтижесінде ядролық энергетиканың шикізаттық қоры көп үнемделмек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *