КӨБЕЙТКІШ – бір нәрсенің санын, мөлшерін, қасиеттерін, құбылыстарды күшейтетін, молайтатын әдіс немесе құрылғы, аспап және қондырғы.
Екінші реттік электрондық көбейткіш – әсері екінші реттік электрондық эмиссияға негізделген электрондар тогын күшейткіш.
Жиілік көбейткіш – құрылғыға келетін электрлік тербелістердің жиілігін бүтін сан есе арттыруға арналған құрылғы.
Фотоэлектрондық көбейткіш (ФЭК) – әлсіз жарық сигналдарын электрлік сигналға түрлендіретін, әсері фотоэлектрондық және екінші реттік электрондық көбейткішке негізделген аспап.