КОРИОЛИС КҮШІ

КОРИОЛИС КҮШІ (француз ғалымы Гюстав Кориолистің (1792 – 1843) құрметіне аталған) – инерциялық күштердің бірі; материалдық нүктенің салыстырмалы қозғалысына жылжымалы санақ жүйесі айналысының тигізетін әсерін есепке алу үшін енгізілген. Бұл күш нүктенің массасы мен Кориолис үдеуінің көбейтіндісіне тең және осы үдеуге қарама – қарсы бағытталады. Айналмалы санақ жүйесінің айналыс осіне параллель болмай қозғалатын материалдық нүкте Кориолис күшінің әсерінен жүйенің салыстырмалы жылдамдығына перпендикуляр бағытта ауытқиды, немесе материалық нүкте әлгіндей ауытқуға кедергі жасайтын денеге қысым түсіреді. Бұл эффект Жердің тәуліктік айна- луы салдарынан да пайда болады. Кориолис күші әсерінен еркін түсетін дене тік бағыттан шығысқа қарай ауытқиды; ал жер бетінде меридиан бағыты бойын- ша қозғалатын дене қозғалыс бағытынан Солтүстік жарты шарда оңға қарай, Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқиды. Жердің айналысы баяу болғандықтан, бұл ауытқулардың шамасы аз болады. Өте үлкен жылдамдықпен қозғалатын денелерде (мысалы, алысқа ұшатын ракетада, артиллерия сна- рядтарында), сондай-ақ ұзақ уақыт қозғалыста, (мысалы, өзен кемерлерінің мүжілуі, Бэр заңы бойынша), кейбір ауа және мұхит ағындарында т.б. пайда болатын ауытқу шамаларының едәуір болатындығы байқалады. Корилис күші техникада және басқа айналу жүйелерінде (гироскоп және турбина теорияла- рында) ескеріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *