КОНТИНУУМ (латынша – үздіксіз) – 1) тұтас орта; 2) еркін бөлшектің энергиялық деңгейлерінің үздіксіз тізбегі.
КОНТУР (французша) – 1) бір заттың нобайы, сызығы, пішінін сызу; 2) электр тогы өтетін тұйық тізбек.
Байланысқан контурлар – бір контурдағы электр тогының өзгерісі екінші контурда электрқозғаушы күштің пайда болуына әкеп соқтыратын қасиеті болатын электрлік контур.
Тербелмелі контур – тізбектеліп жалғанған конденсаторлардан, индуктивтілік катушкалардан және резисторлардан құралған электр тізбегі.
Электрлік контур – тармақтарынан электр тогы өтетін кез келген тұйық тізбек.