КОНДЕНСАЦИЯЛАНҒАН КҮЙ

КОНДЕНСАЦИЯЛАНҒАН КҮЙ (латынша «конденсатио – қоюлану»), қоюланған күй – заттар бөлшектерінің біріне-бірінің тығыз дерлік (яғни өте жақын) орналасқан күйі. Қалыпты жағдайларда газ молекулаларының арақашықтықтары молекулалардың өлшемдерінен әлденеше есе артық. Газдың орналасқан түгел көлемінің оның барлық молекулаларының қосынды көлеміне қатынасы 103 еседей, яғни 1-ден едәуір артық (V/V0>>1), мұндағы V – газ көлемі, V0 – молекулалар көлемі.

Табиғатта V/V0 = 1÷ 3 (1-ден 3-ке дейін) болатын өзге заттардың  күйі кездеседі. Бөлшектер біріне-бірі өте тығыз орналасқан. Осы күй конденсацияланған күй деп аталған.

Конденсациялық күйлі жүйелерге сұйықтар мен қатты денелер, оның арасында кристалдар, сондай-ақ аморфты денелер және сұйықтар мен кристалдар арасында болатын – сұйық кристалдар жатады. Қатты денелердің бөлшектері тепе-теңдік қалпының маңында тербеліс жасайды. Қатты денелер сыртқы күштер ықпал етпеген жағдайда пішіндері мен көлемдерін өзгертпей сақтайды. Заттардың  қатты және сұйық күйлерінің газ тәрізді күйден айырмашылығы бөлшектері (иондары, атомдары, молекулалары) реттілікпен орналасқан. Кристалды қатты денелерге жоғары дәрежелі реттілік тән, олардың бөлшектері алыс реттілікпен орналасқан. Сұйықтардың және аморфты қатты денелердің бөлшектері едәуір ретсіз орналасқан, оларға жақын реттілік сипаты тән. Заттардың конденсацияланған күйлері оның құрылымы мен бөлшектердің өзараәсерлесуімен анықталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *