КОНДЕНСАЦИЯЛАНҒАН ДЕНЕ – қатты денелер мен сұйықтарды жалпы- лама біріктіріп, оларды газға қарама-қарсы қойылатын ұғым. Конденсациялан- ған денедегі атомдық бөлшектер (атомдар, молекулалар, иондар) өзара байланыс- қан. Бөлшектердің жылулық қозғалысының орташа энергиясы байланысты өз бетінше үзуге жетпейді, сондықтан конденсацияланған дене өзінің көлемін сақтайды. Атомдық бөлшектердің байланысының өлшеуіші булану жылуы (сұйықта) және жылулық құрғақ айдау (қатты денеде) болады.