КОНДЕНСАЦИЯ

КОНДЕНСАЦИЯ (латынша – нығыздаймын, қойылтамын) – заттардың салқындатылуы немесе сығымдалуы салдарынан олардың газтәрізді күйден конденсацияланған (сұйық немесе қатты) күйге ауысуы. Будың конденсация- лануы кризистік (тоқырау) температурадан төменгі температурада ғана мүмкін болады. Конденсацияға кері үрдіс (процесс) – булану І текті фазалық ауысуға жатады. Конденсация кезінде конденсацияланған заттардың булануы кезінде шығындалған жылу бөлініп шығады. Жаңбыр, қар, шық, қырау атмосферадағы будың конденсациялануының салдары болып табылады. Конденсация тех- никада әдетте салқындатылатын беттерде жүзеге асырылады. Беттердегі конденсацияның екі түрі: пленкалы және тамшылы болады. Конденсация бу (бу-газ қоспасында) көлемінің ішінде де пайда болуы мүмкін. Көлемдік конденсацияның басталуы үшін будың едәуір қанығуы қажет. Конденсацияның ұйытқысы немесе орталығы буда болатын электрлік зарядталған бөлшектер (иондалған атомдар) бола алады. Конденсат жұқпайтын беттерде сұйық фаза жеке тамшы түрінде (т а м ш ы л ы конденсация), ал түгелдей жұғатын беттерде – пленка түрінде (п л е н к а л ы конденсация) шөгеді. Көп құраушысы (компонентті) болатын газ қоспаларында фракцияларға (бөліктерге) немесе химиялық технологияда таза құраушыларға ажырату үшін ф р а к ц и я- л ы қ конденсация қолданылады. Фракциялық конденсация газ қоспаларын салқындатқан кезде ең алдымен жоғары температурада қайнайтын құраушы бөліктер, ал конденсацияланбаған қалдықтар төменгі температурада қайнайтын құраушылармен байытылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *