КОНДЕНСАТОР

КОНДЕНСАТОР (латынша – тығыздаушы, қойылтушы), э л е к т р л і к – сыйымдылығы электр тізбегінде пайдалануға арналған, диэлектрикпен немесе вакуумнен бөлінген өткізгіш электродтардан (астарлардан) құралған құрылғы. Ток көзін конденсатордың астарларына қосқан кезде оның диэлектриктері полярланады (беттердің кейбір нүктелеріндегі қарқындылығы жоғары болатын құбылыс). Полярланған диэлектриктің электр өрісі астарларға шоғырланған зарядтардың электр өрісін әлсіретеді, осы жайт өз кезегінде берілген кернеуде конденсатор заряды белгілі бір дәрежеде [диэлектриктің диэлектриктік өтімділігіне (ε) тәуелді түрде] арттыратын болады. Конденсатордың астарлары әртекті металдардан, жартылайөткізгіштерден немесе электролиттерден құрала- ды. Конденсаторды 1745 жылы неміс өнертапқышы Э.Г. фон Клейст жасаған деп есептелуде.

Конденсатор электр зарядын жинақтайды. Конденсатор электр тізбегіне көбінесе топталып (батарея түрінде) қосылады; ол параллел қосылған кезде батареяның жалпы сыйымдылығы Сб123+…+Сn; ал тізбектеліп қосылған

кезде мына өрнекпен анықталады: Сб = భ ା భ ା భ ାǤǤǤାଵȀ஼, мұндағы С1, С2, С3 …, Сn

಴భ ಴మ ಴య батарея қараушы жеке-жеке конденсаторлардың сыйымдылықтары. Конденсаторлар тұрақты және айнымалы сыйымдылықты түрлерге ажыратылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *