КОМПАУН-ЯДРО

КОМПАУН-ЯДРО (ағылшынша «compound – құрама, аралас») – кейде құрама ядро осылай аталады.

КОМПТОНДЫҚ ТОЛҚЫН ҰЗЫНДЫҒЫ – релятивті кванттық үрдістерге (процестерге) тән өлшемділік шамасы; бөлшектің массасы (m) және әмбебап тұрақтылар (h) мен жарық жылдамдығы (с) арқылы өрнектеледі: λ0 = h/mс. λ0-дің электрондардағы комптондық шашырау кезіндегі электрмагниттік сәуле ұзындығының өзгерісін (∆λ) анықтауына байланысты аталған. Көбінесе комптондық толқын ұзындығы деп λ0 = ℏ/mc шамасы аталады (мұндағы = һ/2π). Электрон үшін λ0 ≈ 3,9·10–11 см, протон үшін λ0 ≈ 2,1·10–14 см.

Комптондық толқын ұзындық кванттық релятивті үрдістер (процестер) маңызды болатын кезде өрістердің кеңістіктік біртексіздіктерінің масштабын анықтайды. Мысалы, егер толқын ұзындығы (λ) комптондық толқын ұзындығынан кем электрмагниттік өріс қарастырылатын болса, онда осы өрістің кванттарының энергиясы ࣟ  = hv (мұндағы v = с/λ – жиілік) электронның тыныштық энергиясынан m0c2 (ࣟ  = hc/λ>m0c2) артық болады, сондықтан осы өрісте өрістің релятивті кванттық теориясымен сипатталатын электрон-позитрон жұбының туу үрдісі (процесі) маңызды болады. Комптондық толқын ұзындығы сонымен қатар m массалы виртуал бөлшектің өзінің пайда болған (туған) нүктеден қаншалықты ұзай алатын арақашықтығын да анықтайды. π-мезон үшін ~10-13 см.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *