КОЛЛИМАТОР (латынша «коллинео – түзу сызық бойынша бағыттаймын») – параллел сәулелер шоғын шығаруға арналған оптикалық құрылғы. Коллиматор объективтерден немесе ойыс айнадан құралады, айнаның фокустық жазықтығында жарықталатын зат орнатылады. Осындай зат ретінде көбінесе мөлдір емес диафрагмадағы саңылау пайдаланылған.
КОМПАУН-ЯДРО (ағылшынша «compound – құрама, аралас») – кейде құрама ядро осылай аталады.