К-МЕЗОНДАР

К-МЕЗОНДАР (грекше “мезос – орташа, аралық”), каондар – екі зарядталған бөлшектен (К+, К) және екі бейтарап (К°, К°) бөлшектен нөл спинді және массасы жуық шамамен электронның массасынан 970 есе артық (К+ – массаның энергетикалық бірлігінде 493,7 МэВ-ке тең, ал К°-дікі – 497, 7 МэВ-ке тең). К-мезондар күшті өзараәсерлесуге қатысады, яғни адрондар болып табылады; олардың бариондық зарядтары болмайды және кванттық саны ғажаптылықтың (Ѕ) нөл емес мәніне ие: К+ және К°-дің ғажаптылығы Ѕ = +1, ал К мен К°-дікі (К+ және К°-дің антибөлшегі болатын) Ѕ= –1. Гиперондармен бірге К- мезондар ғажап бөлшектерге жатады.

1947–51 жылдар аралығында ғарыштық сәулелер құрамынан массалары бірдей, ал ыдырау тәсілдері әрқилы бөлшектер: екі π-мезонға ыдырайтын θ-мезондар (тэта-мезондар) үш π-мезонға (пи-мезонға) ыдырайтын τ-мезондар ашылған. 1954 жылы осы бөлшектер үдеткіштер арқылы алына басталған. Массаларын және “өмір сүру” уақыттарын егжей-тегжейлі өлшеу нәтижелері осы бөлшектердің ыдырау тәсілдері бірдей (ортақ) бөлшектер екенін анықтаған. Бұлар К-мезондар деп аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *