КЛАПЕЙРОН ТЕҢДЕУІ

КЛАПЕЙРОН ТЕҢДЕУІ, Клапрейрон – Менделеев теңдеуі – идеал газ күйін анықтайтын физикалық шамалардың (қысым р, көлем V және абсолют температура Т) арасындағы тәуелділік: рV = ВТ (мұндағы В – газ массасы () М мен оның молекулалық массасына тәуелді пропорционалдық коэффициент. Клапейрон теңдеуін қасиеттері идеал газдарға қарайлас болғанда – белгілі бір дәрежеде төменгі және жоғары температурадағы (мысалы, атмосфералық ауаға, газ қозғалтқыштарындағы жану өнімдеріне) нақты газдарға қолдануға болады.

Бұл теңдеуді 1834 жылы француз физигі Бенуа Клапейрон қорытып шығар- ған. 1874 жылы орыс химигі Дмитрий Менделеев (1834 – 1907) идеал газдың бір моліне арналған теңдеуді қорытып шығарған: рV=RТ, мұндағы R – әмбебап газ тұрақтысы. Егер газдың молекулалық массасы μ болса, онда pV = M/μ(RT) немесе pV = NkT, мұндағы N – газ бөлшектерінің саны. Клапейрон теңдеуі Бойль – Мариотт заңын, Гей – Люссак заңын және Авогадро заңын біріктірген идеал газ күйлерінің теңдеуі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *