КИНЕТИКАЛЫҚ ЭНЕРГИЯ – механикалық жүйе нүктелерінің қозғалыс жылдамдығы бойынша анықталатын энергия. Материалдық нүктенің кинетикалық энергиясы) (Т) оның массасы (m) мен жылдамдығының (υ) квадратының көбейтіндісінің жартысына тең, яғни Т = mυ²/2.
Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы сол жүйе құрамындағы нүктелердің кинетикалық энергияларының қосындысына тең: T = Σmkݒଶ/2. Кинетикалық энергияны T = Mݒଶ/2+Tc түрінде де өрнектеуге болады, мұндағы М – бүкіл жүйенің массасы, υc – масса орталығының жылдамдығы, Тс – жүйенің массалар орталығы маңындағы қозғалысының кинетикалық энергиясы.
Ілгерілемелі қозғалыс жасайтын қатты дененің кинетикалық энергиясы массасы сол дененің бүкіл массасына тең, материалдық нүктенің кинетикалық энергиясына тең.
Жарық жылдамдығымен (с) шамалас шапшаңдықпен қозғалған дененің
кинетиекалық энергиясы: ܶൌ ݉ܿଶଶȀܿଶെ݉ܿଶ, Кинетикалық энергияның потенциал-дық энергияға түрленуі. Қозғалып ке- ඥͳെ߭
мұндағы m0 – нүктенің тыныштықтағы массасы, ле жатқан арба ілгішімен сөредегі жүкке байлаулы жіптің тұзағын іліп
с – жарықтың вакуумдағы жылдамдығы, (m0c2 әкетіп жүкті жоғары көтеріп барып – нүктенің тыныштықтағы энергиясы). Дене тоқтайды.
төменгі жылдамдықпен қозғалғанда (υ<<с) оның кинетикалық энергиясы (Т) m0υ2/2 формуласы бойынша есептеледі.
Кез келген материалдық нысан (объект) қозғалғанда, ол кинетикалық энергияға ие. Газ молекулаларының әрқашан кинетикалық энергиясы болады, оған себеп ол молекулалар үздіксіз қозғалыста болады. Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші газ температурасы болып табылады, әлгі молекулалар қаншалықты тез қозғалатын болса, температура да соншалықты жоғары болады.
Газ қысымы да молекулалардың кинетикалық энергиясына тәуелді, ол энергия газдың қозғалыс үрдісі (процесі) кезінде өзі орналасқан резервуардың қабырғаларымен соқтығысатын молекулаларының санымен және оның энергиясымен анықталады.