КИНЕТИКА, физикалық кинетика

КИНЕТИКА, физикалық кинетика – статикалық тепе-теңсіз жүйелердегі үрдістердің (процестердің) микроскопиялық теориясы. Бұл теория энергияларды, импульстерді тасымалдауды және әртүрлі физикалық жүйелердегі (газдардағы, плазмадағы, қатты денелердегі) заттарды, сондай-ақ сыртқы өрістердің осы жүйелерге әсер етуін кванттық немесе классикалық статистикалық әдістерімен зерттейді.

Физикалық кинетиканың термодинамикалық тепе-тең емес үрдістерден және тұтасорта электрдинамикасынан айырмашылығы, бұл кинетика қарастырылатын орталардың және олардың бөлшектерінің молекулалық құрылымдары туралы түсініктермен негізделген, сол себепті кинетикалық коэффиценттерді, диэлектриктік және магниттік өтімділікті және тұтасорталардың ұқсас сипаттамаларын есептеуге мүмкіндік туғызады.

Физикалық кинетикаға бейтарап атомдардан немесе молекулалардан құралған газдардың кинетикалық теориясы, плазмадағы тепе-теңсіздік үрдістердің (процестердің) статистикалық теориясы, қатты денелердегі (диэлектриктердегі, металдардағы және жартылайөткізгіштердегі) тасымалдау құбылыстарының теориясы және заттар арқылы өткен шапшаң бөлшектерге байланысты магниттік үрдістердің кинетикасы және кинетикалық құбылыстардың теориясы енген. Осы кинетикаға айтылғандарға қоса кванттық сұйықтардағы тасымалдау үрдістерінің теориясы және де фазалық ауысулар да жатады.

Физикалық кинетикада тепе-теңсіз үрдістердегі (процестердегі) релакциялар уақытының едәуір айырмашылығы пайдаланылады. Мысалы, бөлшектерден немесе квазибөлшектерден құралған газ үшін соқтығысулар аралығындағы еркін жол уақыты соқтығысу уақытынан әлдеқайда (∆t) ұзақ болады.

Егер еркін жол ұзындығының (l) жүйеге тән өлшемдеріне (L) қатынасы (яғни Кнудсен саны l/L) өте аз болмаса, физикалық кинетика сиретілген газдардағы тасымалдау құбылысын зерттеуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *