ӘДІЛ АБЫЛАЙҰЛЫ

ӘДІЛ АБЫЛАЙҰЛЫ (туған жылы белгісіз - 1815, Ташкент қаласының түбінде) — сұлтан. Абылай ханның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үшінші ұлы. Әкесінің тұсында Жетісудағы Ұлы жүз руларының біраз бөлігіне билік жүргізді. 1773 жылы Пекинде Еженханның қабылдауында (15 адам) болды. Қытайға аманат ретінде де жіберілді. Елге қайтып келген соң жергілікті ақса- қалдардың тілегімен Жетісуға тұрақтап, ел басқарады. Абылай 1779 жылы қырғыздармен болған ұрыста жеңіске жеткеннен кейін Талас өзені бойында Әділге үй салып беріп, осы жерге егіншілікпен айналысу үшін бірнеше қарақалпақ отбасыларын қоныстандырды. 18 ғасырдың 80-жылдары Әділ оларға қоса Дулат руының жаныс, сиқым, ботпай және шанышқылы тармақтарын Әбілмәмбет ханның баласы Болатпен бірге биледі. Олардың жалпы саны 40 мың отбасы шамалас, ал қоныстары Талас, Ангрен, Шыршық өзенінің бойында, Шыңғыс, Шаған т-ның төңірегінде болған. Ресми түрде таққа отырғаны жөнінде мәлімет кездеспейді, бірақ 19 ғасырдың бас кезіндегі кейбір материалдарда Әділ өзіне қарасты руларды «хан» деген атақпен басқарған. Қытай тарапынан алған «уан» («ван») атағы болған.

Бірнеше әйелден 10 баласы болды (Абылай, Әлі(Ғали), Ерғали, Бегалы, Тінәлі, Төлек, Мамырхан, Қаып, Тәуке, Сейілхан). 1825 ж. Көкшетау округін зерттеген полк.Г.Броневский Батыс Сібір губернаторына жолдаған есебінде олардың ішінен ықпалды да мықты» рубасы ретінде Абылайды атып көрсеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *