К-ҚАРМАУ

К-ҚАРМАУ бета-ыдырау кезіндегі атом ядросының өзіне жақын орналасқан К-электрондық қабықшадан электронды қосып алуы. Қозған атомның ядросының өзінің төңірегінде жақын орналасқан «К» әрпімен белгіленген орбита бойынша айналып жүрген бір электронды «ұстап» (қармап) алуы себепті осылайша аталған. Осының нәтижесінде әлгі атомның ядросы химиялық элементтердің периодты жүйесі кестесіндегі реттік нөмері бір бірлікке кем элементтің атом ядросына (атом ядросының оң зарядының біреуі кем) айналады, бірақ массалық саны алғашқысынан өзгермейді, яғни басқа бір элемент ядросының изомері болады. Мысалы, 4 протоннан және 3 нейтроннан (барлығы 7 нуклоннан) құралған берилий-7 К («ка») орбитасынан өзінің бір электронын «ұстап» алып, 3 протоннан және 4 нейтроннан (мұның да барлығы 7 нуклон) құралған литий-7 атомының ядросына түрленеді. К-қармау кезінде атомның электрондық қабықшасынан оның бір электроны «жоғалып» кететіндіктен (жай ғана жұлынып тасталмайды), бір атомның ядросының өзге бір атом ядросына түрлену үрдісі (процесі) рентген сәулесінің кванты мен нейтриноның шығарылуымен қабаттасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *