ӘДІЛ

ӘДІЛ туған жылы белгісіз (шамамен 1756 ж) — сұлтан. Әбілқайыр ханның Бопайдан туған кенже ұлы. Тарихи құжаттарда оның есімі алғаш рет хан балаларын аманатқа беру мәселесіне байланысты аталған. Аманаттағы Айшуақтың орнына Әбілқайырдың екінші әйелінен туған Шыңғыс сұлтанды жібермек болғанда, Ресей әкімшілігі тек Айшуақпен бірге туған болғанда ғана аламыз деп бұл ұсынысты қабылдамай тастаған. Саяси тартыстың объектісіне айналған Әділ сұлтан 1749 жылы шілдеде Айшуақтың орнына аманатқа беріледі. 1770 жылы Әділ сұлтанның баласы Әкім сұлтан Хиуада хан болған. Ағасы Нұралы ханның 1756 жылы Алексей Тевкелевке жазған хатында: “… Ал, қазір бір орында тапжылмастан отырмын, өйткені Әділ сұлтанның жаны қиналып жатқанда көшіп-қонуға жағдайымыз жоқ” дегеніне қарағанда, Әділ сол жылы опат болған сияқты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *