КЕРНЕУЛЕР РЕЗОНАНСЫ (латынша «резоно – үн қосамын»), тізбекті резонанс – тізбектеліп жалғанған индуктивтік катушкадан және конденсатордан құралған электр тізбегіндегі резонанс. Осындай тізбектегі резонанстық жиіліктегі реактивті кедергі нөлге тең, осы тізбектегі ток фаза бойынша ықпал етуші кернеумен үйлесетін болады. Кернеулер резонансы кезінде сыйымдылықтың және индуктивтік бөліктердегі кернеулер электрқозғаушы күші электр көзінің ЭҚК-нен артық бола алады. Кернеулер резонансы мысалы, импульстік тізбектерде кернеуді арттыру үшін пайдаланылады.