ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталды. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады, яғни осы шақ, келер шақ және өткен шақ деп үшке бөлінеді.
ОСЫ ШАҚ
Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіретін және әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекеттерді көрсететін шақты, осы шақ деп атаймыз.Мысалы Айман сабақ оқып отыр.
Осы шақ мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп екіге бөлінеді.
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.
Нақ осы шақтың күрделі етістіктің –ып, -іп, -п және –а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады. Студен етмтиханға дайындалып отыр.
Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі
Жақ Жекеше Көпше
І
ІІ
ІІІ Оқып отырмын
Оқып отырсың
Оқып отырсыз
Оқып отыр Оқып отырмыз
Оқып отырсыңдар
Оқып отырсыздар
Оқып отыр
Ауыспалы осы шақ
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіретін нақ осы шақтың түрін атаймыз. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келе-мін, сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.
Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі
Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
І
ІІ
ІІІ Айтамын, келемін
Айтасың, келесің
Айтасыз, келесіз
Айтады, келеді Айтамыз, келеміз
Айтасыңдар, келесіңдер
Айтасыздар, келесіздер
Айтады, келеді
КЕЛЕР ШАҚ
Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол университетке ерте бармақ. Сендер үйге келерсіңдер. Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді.
1.Болжалды келер шақ: Қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін дәл көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз, сіздер кел-ме-с-сіздер.
Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі
Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
І.
ІІ.
ІІІ. Бар-ар-мын, кел-ме-с-пін
Бар-ар-сың, кел-ме-с-сің,
Бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз,
Бар-ар-, кел-ме-с- Барар-мыз, кел-мес-піз
Барар-сың-дар, келмес-сің-дер
Барар-сыздар, келмес-сіз-дер
Барар-, келмес-
2. Мақсатты келер шақ: Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: мен ауылға бар-мақ-пын, Сіз ерте кет-пек-сіз. Етістіктің –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағының үстіне –шы, -ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы жіктелуі арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын.
Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі
Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
І
ІІ
ІІІ Бармақпын, бармақшымын
Бармақсың, бармақшысың
Бармақсыз, бармақшысыз
Бармақ-, бармақшы-, Бармақпыз, бармақшымыз
Бармақсыңдар, бармақшысыңдар
Бармақсызда, бармақшысыздар
Бармақ-, бармақшы-,
3. Ауыспалы келер шақ: Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты а-, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол ағасының үйінде тұрады.
Мына мысалдарды салыстырып көріңіздер.
Осы шақ Келер шақ
Ол үй тапсырмасын кітапханада орындайды. Ол үй тапсырмасын кешке орындайды
Бұл жерге үй салынады Құрылысшылар келсе ғана үй бұл жерге үй салынады
Мен үнемі денешынықтырумен йналысамын. Мен ертең денешынықтырумен айналысамын.
ӨТКЕН ШАҚ
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы, ол оқуды бітірді, ол кезде сен оннан асқансың, оның бір баласы болыпты. Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
1. Жедел өткен шақ: Етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Арман домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м, мен би биле-ді-м.
Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі
Жақ Жекеше Көпше
І
ІІ
ІІІ Жүрдім, қайттым, бармадым
Жүрдің, қайттың, бармадың
Жүрдіңіз, қайттыңыз, бармадыңыз
Жүрді-, -қайтты, -бармады, Жүрдік, қайттық, бармадық
Жүрдіңдер, қайттыңдар, бармадыңдар
Жүрдіңіздер, қайттыңыздар, бармадыңыздар
Жүрді-, қайтты-, бармады-,
2. Бұрынғы өткен шақ: Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен университетті бітіргенсің. Ол қалаға барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
а) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) айт-қан-мын, (сен) кел-ген-сің.
Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі
Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
І
ІІ
ІІІ
І
ІІ
ІІІ Барыппын
Барыпсың
Барыпсыз
Барыпты
Барғанмын
Барғансың
Барғансыз
Барған-, Барыппыз
Барыпсыңдар
Барыпсыздар
Барыпты
Барғанбыз
Барағансыңдар
Барғансыздар
Барған-,
ә) -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге е(еді) көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады. Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түрінде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың осындай күрделі түрінде е (еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі.
Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі.
Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
І
ІІ
ІІІ Барған едім (екенмін),
Барып едім
Барған едің (екенсің),
Барып едің
Барған едіңіз(екенсіз)
Барып едіңіз
Барған еді (екен), барып еді Барған едік (екенбіз)
Барып едік
Барған едіңдер (екенсіңдер),
Барып едіңдер
Барған едіңіздер (екенсіздер),
Барып едіңіздер
Барған еді (екен), барып еді
3. Ауыспалы өткен шақ: Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Еділ жолдасына жиі баратын.
Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі
Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
І
ІІ
ІІІ
ІІІ Келетінмін
Келетінсің
Келетінсіз
Келетін Келетінбіз
Келетінсіңдер
Келетінсіздер
Келетін