Ғылымдардың кәрісі де, жасы да — астрономия. Ол өзге ғылымдардан әлдеқайда бұрын шыққан. Қазіргі зерттеулер, космосқа ұшырылып жатқан жасанды спутниктер кәрі астрономияның бойына қан жүгіртіп, жасартып отыр.
Космогония (грек. kosmos – ғарыш және gonea – туу, шығару, ұрпақ),әлемнің соның ішінде жердің, Айдың Күн мен жұлдыздың пайда болуын дамуын зерттейтін астрономияның саласы.
Астрономиялық білімді ана тілінде елге таратуда біз халықтың бұл жөндегі өзінің замандар бойы қалыптасқан түсінігін, Темірқазық, Үркер сияқты жұлдыздарға қойған аттарын жүйеге келтіріп, сыннан өткізіп пайдаланғанымыз жөн.
Мысалы, тұтылу, тоғысу, туар ай, шоқ жұлдыз, Құсжолы (не Сабан жолы), құйрықты жұлдыз (комета) дегендер қашаннан елге мәлім болып, қалыптасқан терминдер. Планетаны (грекше «планетес», орысша «блуждающая») біз осы күнге шейін «кезеген» деп келсек, ел арасында оны «қыдырма» жұлдыз дейді екен.
Сонымен қатар мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқының жұлдыз жайындағы ұғымдарымен де байланысты болды.
Үркер көкке шығып, жоғары өрлеген сайын күн суытып, ол төмендеген сайын жылына береді. Халықтың «Үркерлі айдың бәрі қыс» дейтіні осыдан. Әсіресе Үркердің жануарлар үшін «жерге түскен» кезі-ақ жағымды. Үркер «жерге түскен» кезде (май, июнь айларында) ол жерде жатып, көк шөпті «айдап шығарып жатады-мыс».
Пайдаланатын әдебиеттер:
1) Жанұзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер.- Алматы, 1965 -142 бет.
2) Мәдиева Г., Иманбердиева С. Ономастика: зерттеу мәселелері.– Астана, 2005.- 240 бет.
3) Мадиева Г. Теория и практика ономастики. – Алматы, 2003.- 152 стр.
4) Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Астана, 2006.- 400 бет.