Зоонимия

 Зоонимдер – жан-жануарлар әлеміне қойылатын есімдер. Олар әдеби ономастиканың шеңберінде және соның құрамына да енетін жүйе болып табылады. Мысалы: Тайбурыл, Ақтөс т.б. Фольклорлық жалқы есімдер — көркем әдебиеттік мәтіндерде қолданылатын әдеби жалқы есімдерден ерекшеленетін өзіндік белгілер мен қасиеттерге ие. Ауыз әдебиеті нұсқалары халықтың ұжымдық көркем шығармашылығының нәтижесі. Фольклорлық есiмнiң семантикасы, оның қолданылу аясы, әрине, көбiнесе фольклорлық мәтiндердiң жанрлық, эстетикалық, ұлттық өзiндiк ерекшелiктерімен байланысты.
Хайуанаттар туралы ертегілерде жалқы есімдер болмайды, бірақ кейбір хайуандардың жалпы аттары белгілі бір мөлшерде онимдік қолданыс деп қабылданады. Қазақтың ғұрыптық фольклорындағы төрт түлік туралы өлеңдер ономастиконында, төрт түлік малдың пірлері-жебеушілері Шопан ата, Жылқышы (Қамбар) ата, Сексек (Шекшек) ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба аттары негізгі ономастикалық бірліктер болып табылады.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1) Жанұзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер.- Алматы, 1965 -142 бет.
2) Мәдиева Г., Иманбердиева С. Ономастика: зерттеу мәселелері.– Астана, 2005.- 240 бет.
3) Мадиева Г. Теория и практика ономастики. – Алматы, 2003.- 152 стр.
4) Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Астана, 2006.- 400 бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *