Антропонимия, стратиграфиясы, мағынасы мен құрылымы

Антропонимия, стратиграфиясы, мағынасы мен құрылымы
Дәрістің мақсаты: Антропонимдердің тілдік сипаты жайында білім жүйесін қалыптастыру.
Дәрістің қысқаша мазмұны. Бүгінгі таңда кезегі келген қоғамдық маңызы зор келелі мәселелердің бірі – адам есімдерін қарастыратын антропонимика ғылымының нысаны, яғни қазақ азаматтарының аты-жөнін ретке келтіру екені даусыз. Антропонимдер, яғни кісі есімдері өз ішінде екі салаға жіктеледі. Олар ресми және бейресми атаулар. Ресми атауларға азаматтардың аттары, әкесінің аттары, тектері жатса, бейресми атауларға лақап есімдер (прозвище), бүркеншік есімдер (псевдоним) т.т. енеді. Бүгінгі Қазақстанда қолданылып жүрген ресми атауларға келер болсақ, көңіл қуантарлықтай жағдайда емес екенін күнделікті өмірде көріп жүрміз. Қазір кеңес дәуірінен қалған –ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -ина қосымшаларымен берілген тектерді, ешбір қосымшасыз берілген тектерді, тегі, әулеті, ұрпағы, шөбересі, немересі, сойы, үбірі – сынды сөздермен тіркесіп қолданыс тапқан тектерді, адамның тектерін шығыс септігінің –дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен қосымшасымен берейік деген ұсыныстарды да кездестіріп жатамыз. Адамдардың тектеріне қатысты тұжырымдар, ойлар жеке адамдардың да, баспасөздің де назарынан тыс қалған емес, қазақ қауымы үшін бұл әлі күнге дейін шешімін таппаған, басы ашық мәселе.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1) Жанұзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер.- Алматы, 1965 -142 бет.
2) Мәдиева Г., Иманбердиева С. Ономастика: зерттеу мәселелері.– Астана, 2005.- 240 бет.
3) Мадиева Г. Теория и практика ономастики. – Алматы, 2003.- 152 стр.
4) Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Астана, 2006.- 400 бет.
5) Жанұзақов Т. Қандай есімді ұнатасыз? Какое выбрать имя?/ Т.Жанұзақов, Я.П. Белоусов. – Алматы, 1968.- 116 бет.
6) Жанұзақов Т. Есімдер сыры. Тайны имен/ Т.Жанұзақоов.- Алматы, 1974.- 132 бет.
7) Жанұзақ Т. Сіздің есіміңіз. Ваше имя? / Т.Жанұзақ.- Алматы: Ғылым, 1989.- 192 бет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *