ӘДІК 

ӘДІК АдикАтик, Етік, Итик (шамамен 15 ғ-дың ортасы – 1504/05) – сұлтан, Жәнібек ханның тоғыз ұлының бірі. Ә.сұлтан 15 ғ-дың 80-жылдарында Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар үшін жүргізген күресінде Бұрындық ханмен, Қасым сұлтанмен бірг көзге түскен. Ол 15 ғ-дың соңы – 16 ғ-дың басында Жәнібек ханның ұлдары арасында ең беделді сұлтанның бірі болған. Кейбір деректе Ә.хан аталады. Ә.сұлтан 15ғ-дың 90-жылдарында моғол ханы Жүністің Сұлтан Нигар ханым атты қызына үйленеді. Ә.сұлтанның бес ұлынан белгілілері кейін хан болған Тахир мен Бұйдаш. Бес ұлдан тараған жиырма төрт сұлтан түгелдей Барақ ұлы Дервиш ханмен болған ұрыста қаза тапқан. Деректе Ә-тің кейбір ұрпақтары келте хандық құрды делінеді, бірақ есімдері белгісіз. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *