Жалқы есімдердің тілдік құрылымы мен стилистикасы
Дәрістің мақсаты: Жалқы есімдердің лексикалық құрамы мен құрылымы, көнерген ономастикалық лексемалар жайында мәлімет беру.
Дәрістің қысқаша мазмұны. Әрбір елдің ономастикалық жүйесіне түрлі халықтар тілінің негізінде пайда болған атаулар тән. Бұл құбылыс сол аймақты мекен еткен этностың қоғамдық — тарихи өмірімен тікелей байланысты. Бір халық пен екінші бір халық арасындағы тарихи қарым — қатынастың нәтижесінде жалпы тілдік жүйемен бірге атауларында бөгде тілдік элементтер қалыптасады. Қарым-қатынастың тікелей және ұзақ уақытқа созылуы, әрі байланыс дәрежесінің күшті қарқынмен жүргізілуінен басқа тілдік атаулардың халықтық атаулар жүйесінде қабат құрылуы да мүмкін. Сондықтан белгілі бір халықтың ономастиконында да сол халықтың өз тілі тұрғысынан түсіндіріп, саралап, анықтауға келмейтін атаулардың тек-төркінін сол халықпен тығыз тарихи — мәдени қарым-қатынаста болған келесі халықтың атаулар дүниесінен іздестірудің маңызы үлкен. Бұл орайда, басқа тілдің негізінде жасалған топонимдердің сол өңірде ұзақ уақыт өмір сүріп, сол мекеннің иесі болып табылатын халық тілінің заңдылығына сай өзгеріске түсіп отырғанын да ескерген жөн. Қазақстанның онимдері құрамында араб, иран тілдерінен қалыптасқан атаулар кездеседі. Мысалы: Шайхы, Сейфолла, Рүстем, Бетпақдала т.т.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1) Жанұзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер.- Алматы, 1965 -142 бет.
2) Мәдиева Г., Иманбердиева С. Ономастика: зерттеу мәселелері.– Астана, 2005.- 240 бет.
3) Мадиева Г. Теория и практика ономастики. – Алматы, 2003.- 152 стр.
4) Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Астана, 2006.- 400 бет.
5) Әлімхан А.Ә. Жер-су атауларының ұлттық-мәдени негіздері.- Өскемен, 2003.- 124 бет.